$ 480.72  548.07  6.14

Алматыдағы сұмдық: Үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Тергеу барысында тәртіп сақшылары үй иесін ұстады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласында тұрғын үйдің жертөлесінен полиэтилен пакетке оралған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Түрксіб ауданында болған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жеке тұрғын үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның денесін анықтаған. Марқұмның жеке басы белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмған азамат үйлер мен пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан. Оқиға болған күні ол осы үйде жұмыс істеп жүрген.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары үй иесін ұстады. Оның түсіндіруінше, ер адам белгісіз жағдайда өміріне қауіп төндіретін жарақат алған.

Алайда үй иесі болған жайт туралы полиция мен жедел қызметтерге хабарлаудың орнына, мәйітті жертөлеге жасырып қойған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0