03.07.2026, 10:15

Жаңа адамдар көшбасшылары Әділет партиясының өңірлік филиалдарының Саяси кеңестерінің құрамына енді

Коллаж: sn.kz

Бұл — үлкен сенімнің жаңа деңгейі әрі жауапкершіліктің жаңа белесі.

Халық Конституциясының қабылдануымен еліміздің дамуында жаңа кезең — оның қағидаттары мен құндылықтарын  жүзеге асыру кезеңі басталды. Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде Әділет партиясының конференциялары өтіп, облыстық филиалдардың басшылық органдары толықтай жасақталды. Елмен бірге Жаңа адамдар Қозғалысы өз қызметінің ауқымын кеңейтіп, жаңа деңгейге шығады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.   Осыған байланысты Әділет партиясының өңірлік филиалдары жанындағы Саяси кеңестердің құрамына қалалар көшбасшылары, Азаматтық науқандардың жетекшілері және Жаңа адамдар сарапшылары енді. Олар – нақты нәтижелерімен, азаматтық белсенділігімен және қоғам алдындағы жауапкершілігімен өз тиімділігін дәлелдеген азаматтар.   Жаңа адамдар Қозғалысының негізін қалаушы, Әділет партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Асель Баденова: Бүгін баршаңызды осы маңызды кезеңмен шын жүректен құттықтаймын!   Бұл — атқарылған жұмыстың қорытындысы емес. Бұл — үлкен сенімнің жаңа деңгейі әрі жауапкершіліктің жаңа белесі. Өз қағидаттарымызға адал болып, халықпен бірге олардың сұранысын тыңдап және азаматтық белсенділіктің қалаларды, өңірлерді әрі тұтас елді өзгерте алатынын нақты істермен дәлелдеуді жалғастырып, Жаңа адамдар өкілдері Әділетті Қазақстан мен Жаңа Конституция құндылықтарын нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыруға белсенді қатысатын болады.   2025 жылы Сейшнде Жаңа адамдар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенімді ақтаймыз деп уәде берді. Бүгінде сол уәде еңбекпен, нақты шешімдермен және шынайы нәтижелермен дәлелденуі тиіс.   Тек алға! Қарқынды еңбек ететін уақыт келді.