Оның бұл әрекеті полицияның да назарынан тыс қалмаған.
Солтүстік Қазақстан облысында мас күйдегі ер адам жалаңаш күйінде субұрқаққа түсіп, жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның бұл әрекеті полицияның да назарынан тыс қалмаған. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өз сөзінде ол достарымен бірге сыра ішкенін айтып, кейін қандай себеппен субұрқаққа шомылуға шешім қабылдағанын есіне түсіре алмайтынын жеткізген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды осындай құқық бұзушылықтарға куә болған жағдайда оны тек видеоға түсіріп қоймай, жедел түрде полицияға хабарлауға шақырды.