04.07.2026, 22:30

БҚО-да екі бірдей полицей жол апатынан көз жұмды

Фото: instagram.com/sadenov_online

Бұл туралы Сәденов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Батыс Қазақстан облысында екі бірдей полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы ІІМ басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Сәденов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ол.

Сонымен бірге ол Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсететінін де атап өтті.