05.07.2026, 14:30

Елордадағы ең ірі мешіт ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» аталды

Фото: Sputnik

Жаңа атау елорда күні қарсаңында жарияланды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 5 шілдеде Астанадағы Бас республикалық мешіттің енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жаңа атау елорда күні қарсаңында жарияланды. Айта кетейік, 6 шілде күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Діни басқарманың мәліметінше, мешіттің жаңа атауы ресми түрде қолданысқа енгізілген.

Бас республикалық мешіттің құрылысы 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған. Сол жылы ол құрылыс нысанының іргетасына алғашқы тасты қалаған болатын. Бұл мешіт Орталық Азиядағы ең ірі мешіт саналады. Оның салтанатты ашылу рәсімі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2022 жылғы 12 тамызда өткен.

2025 жылдың жазында Нұрсұлтан Назарбаев аталған мешітке барып, елдегі бейбітшілік үшін дұға жасап, жиналған қауым алдында сөз сөйлеген еді. Бұл туралы жаңалық сол кезде көпшілік тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, ең көп оқылған материалдардың біріне айналған.

Тегтер: мешіт Астана