07.07.2026, 16:40

Саясаттанушы Марат Шибұтов Конституциялық Соттың Президент мерзіміне қатысты шешімін талдады

Фото: ашық дереккөзден

Сарапшы аталған шешім мемлекеттік басқару жүйесін нығайтудың негізгі факторына айналатынын алға тартады.

Саясаттанушы Марат Шибұтов Конституциялық Соттың жоғары мемлекеттік лауазымдардағы бұрынғы мерзімдерді нөлге теңестіру туралы соңғы шешімін ел ішіндегі тұрақтылықты ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін іргелі қадам деп бағалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бұл үкім қолданыстағы Президенттің жаңа Конституция негізінде алдағы сайлау науқанына қайта қатысуға толық заңды құқығы бар екенін құқықтық тұрғыдан нақты бекітіп берді. Сарапшы аталған шешім мемлекеттік басқару жүйесін нығайтудың негізгі факторына айналатынын алға тартады. Сарапшының пікірінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық Сотқа жүгінуі және одан кейін шыққан ресми қорытынды ел ішіндегі барлық саяси күштерге арналған нақты әрі жүйелі белгі болып табылады. Ойын ережелерінің тек заң шеңберінде және құқықтық өрісте ғана айқындалуы алдағы жылдары саяси процестерді қолдан тездетуге немесе мемлекеттік биліктің институттық негіздерін әлсіретуге бағытталған кез келген әрекеттердің қисынсыз екенін көрстеді.

Бұл Қазақстанның негізгі мемлекеттік институттарының қаншалықты болжамды, берік және сыртқы құбылыстарға төтеп бере алатын сенімді жүйе екенінің айқын дәлелі болып табылады. Дүниежүзілік тарихи тәжірибе мен халықаралық саяси үдерістер көрсеткендей, биліктің трансформациялану кезеңіндегі кез келген белгісіздік немесе саяси жүйенің тұрақсыздығы ішкі элитаішілік текетірестер мен астыртын күрестерге соқтырады. Мұндай теріс сценарийлер мемлекеттің даму қарқынын тежеп, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей қатер төндіреді. Саясаттанушы Конституциялық Соттың қазіргі қабылдаған шешімі елдегі осындай кез келген ықтимал тәуекелдер мен геосаяси тұрақсыздық жағдайындағы ішкі қауіптердің алдын алып, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің орнықты жұмыс істеуін заң деңгейінде кепілдендіргенін айтады. Сонымен қатар, Марат Шибұтов бұл құқықтық қадамның өкілеттіктерді автоматты түрде ұзартуды немесе сайлау нәтижесін алдын ала айқындауды білдірмейтінін нақтылады.

Мұнда тек Ата заңымызда нақты қарастырылған заңды мүмкіндік пен демократиялық құқық туралы сөз болып отыр. Ал мемлекеттің алдағы даму бағыты мен жоғары билік лауазымына қатысты түпкілікті шешімді бәрібір бүкілхалықтық дауыс беру барысында ел азаматтарының өзі тікелей қабылдайтын болады. Осылайша, қазіргі уақытта қабылданып жатқан стратегиялық шешімдер Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі жасампаз бағытын тағы бір мәрте айқындап берді. Ішкі саяси тұрақтылық пен мемлекеттік институттардың іргелі беріктігі заң үстемдігі аясында кезекті рет дәлелденіп, мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына даңғыл жол ашты.