08.07.2026, 11:30

Атыраудағы инфекциялық ауруханада жарқанат өріп жүр

Фото: видео скриншот

Науқастардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты денсаулық сақтау басқармасы мен өңір әкімдігі бұл масқараға әлі күнге дейін нақты түсініктеме берген жоқ.

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасының ішінен жарқанат табылып, емделушілердің, әсіресе балалардың зәресін ұшырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Науқастардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты денсаулық сақтау басқармасы мен өңір әкімдігі бұл масқараға әлі күнге дейін нақты түсініктеме берген жоқ. Аурухана ішінде емін-еркін ұшып жүрген жануардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, жұрттың ашуын туғызды.

Желі қолданушылары құтыру мен түрлі қауіпті инфекция тарататын жабайы тіршілік иесінің санитарлық нысанға қалай кіріп кеткеніне таңғалысуда. Тұрғындардың денсаулығын қорғай алмай отырған жергілікті биліктің бұл салғырттығы аймақтағы медицинаның аянышты күйін тағы да әшкереледі. Редакция бұл келеңсіздікке байланысты ресми органдардан дереу шара қолдануды талап етеді.