Өрттің шығу себебі анықталуда.
Петропавлдағы асфальт-бетон зауытында өрт шығып, бір жұмысшы өндірістік жарақат алды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зауыт аумағында битумды қыздыруға қолданылатын техникалық май тұтанған.
Облыстық ТЖД-нің 14 қызметкері 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген. Өрт салдарынан 1975 жылы туған ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
"Ауруханаға жеткізілерден бір сағат бұрын техникалық май жарылған. Ер адамның денесінің 95 пайызын II–IIIАБ дәрежелі жалыннан болған термиялық күйік шалған. Сондай-ақ оған III дәрежелі күйіктік шок диагнозы қойылды", – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлердің сөзінше, науқастың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Өрттің шығу себебі анықталуда.