08.07.2026, 22:30

Жаңаөзендік қазақ Tesla-ның алғашқы инвесторларының бірі атанып, Илон Маскпен достасқан

Коллаж: sn.kz

Ол бүгінде кәсіпкер ретінде ғана емес, Илон Маскпен жақын таныстығы арқылы да көпшілік назарын аударып отыр.

АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт тұрып жатқан Жаңаөзен тумасы Әнуарбек Иманбаев жасанды интеллект саласында стартап құрып, кейін Tesla компаниясының алғашқы инвесторларының біріне айналған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бүгінде кәсіпкер ретінде ғана емес, Илон Маскпен жақын таныстығы арқылы да көпшілік назарын аударып отыр.

Әнуарбек Иманбаевтың айтуынша, ол 2012 жылы әріптесінің көмегімен сол кезде көпшілікке кеңінен таныла қоймаған Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маскпен танысқан.

Калифорния штатындағы Фримонт қаласында орналасқан Tesla зауытын аралап көргеннен кейін кәсіпкер компанияның болашағына сеніп, елге оралған соң жинаған қаражатына Tesla акцияларын сатып алған.

Уақыт өте келе ол Tesla және SpaceX компанияларының бірқатар топ-менеджерлерімен жақын араласып, Илон Маскпен де достық қарым-қатынас орнатқан.

Сонымен қатар, «Цукербергтің көршілері» жобасына берген сұхбатында Әнуарбек Иманбаев АҚШ-та ұзақ жыл тұрғанына қарамастан, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін сақтауға ерекше мән беретінін айтқан. Оның пікірінше, шетелде өмір сүрген адамның өз тамырынан ажырамауы маңызды.