$ 467.98  533.87  6.11

Прокурор Сұлтан Сарсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры Мирас Бауыржановтың айтуынша, бұл қылмыс үлкен жоспарға негізделген.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Мемлекеттік айыптаушы бүтін бір отбасыны қасақана өлтірді деген күдікке ілініп, істі болып жатқан Сұлтан Сарсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры Мирас Бауыржановтың айтуынша, бұл қылмыс үлкен жоспарға негізделген.

— Сотталушы Сарсемалиевтің әрекетінің салдарынан бір шаңырақтың шырағы мәңгілікке сөнді. Іс барысында барлық дәлелдер зерттелді. Материалдар жан жақты қаралды. Сотталушы жәбірленушілер үшін бөтен адам емес, күйеу баласы болды, -деп сөзін бастады мемлекеттік айыптаушы.

Кейін ол әр қылмысқа жеке жеке тоқталып, айыптардың қандай жағдайға байланысты тағылғанын айтты.

— Айыпталушы Сұлтан Сарсемалиев бұрынғы әйелінің әке-шешесі мен бауырларын өлтіріп, марқұмдардың карталары мен телефондарын пайдаланып, алаяқтық жасаған. Жәбірленушілердің зейнетақысын иемдену үшін шот ашқан. Оның іс-әрекеті аса ауыр қылмысқа жатады. Қылмыстық кодекстің 53,54 бабы бойынша оның жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушы алғашқы қылмысын жасағаннан кейін іс-әрекетін тоқтатпаған. Бұл саналы жүзеге асырылған қылмыстық жоспар, -деді мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0