$ 467.98  533.87  6.11

Атырау көшелерін су басты

Желіде тараған бейнежазбадан нөсерге шыдас бермеген қала инфрақұрылымы мен суға батқан жолдарды анық көруге болады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Атырау көшелері кезекті жаңбырдан кейін тағы де көлге айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы мұңға айналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбадан нөсерге шыдас бермеген қала инфрақұрылымы мен суға батқан жолдарды анық көруге болады. Халық ақшаның қайда кеткенін сұрап жатқанда, қала басшысы Шакир Кейкиннің жұмыста жоқ екені белгілі болды. Ресми ақпарат бойынша, қала әкімі дәл қазіргі уақытта еңбекке жарамсыздық парағында, яғни емделуде жатыр. Алайда, жергілікті тұрғындар әкімдіктің бұл сылтауын қаланың қордаланған коммуналдық мәселелерінен қашу деп есептейді. Өңір әкімдігі атқамінерлердің ұсталуы мен қаланың мына сиқына қатысты нақты әрі жүйелі жауап бере алмай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0