09.07.2026, 15:40

Миы шайқалған: Петропавлда бес жасар бала терезеден құлап кетті

Фото: pixabay

Қазіргі уақытта кішкентай науқастың жағдайы тұрақты.

Петропавл қаласында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 9 шілдеге қараған түні болған. Түнгі сағат 03:00-де 2020 жылы туған бала жедел жәрдем бригадасымен көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмекті ауруханаға жеткенге дейін-ақ көрсете бастаған.

«Дәрігерлер баладан жабық бас-ми жарақатын, миының шайқалуын, ерінінің соғылып жыртылған жарақатын, сондай-ақ сүйек сынықтары ығысқан сол жақ сан сүйегінің жабық сынуын анықтады», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

Балаға шұғыл түрде ота жасалды. Көктамыр арқылы берілген наркоздың әсерімен травматолог дәрігерлер зақымданған аяғына қаңқалық тарту әдісін қолданды.

Қазіргі уақытта кішкентай науқастың жағдайы тұрақты, ауырлығы – орташа. Ол қажетті ем қабылдап жатыр және дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауында.

Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналар мен ересектерге кішкентай балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауға тағы да шақырды.