$ 467.98  533.87  6.11

Алакөл жағасында бір топ ер адам қыз бен жігітті аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы Алакөл жағасында қыз бен жігітке бір топ ер адамның күш қолданғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыған байланысты Абай облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп, бейнежазбада көрсетілген жағдайдың 2023 жылы болғанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, тексеру барысында жанжалға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталған.

«Қарау нәтижесінде тараптардың бір-біріне қоятын талап-шағымы жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ олар құқық қорғау органдарына жазбаша арыз беруден бас тартты», – деп хабарлады полиция.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары оқиға бойынша тараптардың ресми шағымы тіркелмегенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0