Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Сейсмологтар бүгін 5,3 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылдың 9 шілдесінде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 6:15-те Тәжікстан аумағында тіркелген.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 38,57 градус, шығыс бойлық 73,90 градус. Магнитудасы mb = 5,3. Энергетикалық класы K = 11,9. Тереңдігі h = 205 км.