09.07.2026, 17:15

Өскеменде алып ағаш көліктің үстіне құлады: Әкімдік қашанға дейін бейқам отырмақ?

Фото: видеодан скриншот

Өскемен қаласының әуежай ауданында алып ағаш тамырымен жұлынып, жол жиегінде тұрған жеңіл көліктің үстіне құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған суреттер мен видеолардан соққыдан көліктің қатты майысып, үлкен зақым келгені анық көрінеді. Бұл жағдай қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жасыл желектерді бақылауға тиіс жергілікті әкімдіктің жұмысы қаншалықты ақсап тұрғанын көрсетті. Жауапты қызметтер қауіпті ағаштарды уақытында кесіп тастамағандықтан, қарапайым азаматтардың мүлкіне орасан зор зиян келіп отыр. Қазір оқиға орнында арнайы мамандар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала билігінің осындай немқұрайлылығынан зардап шеккен тұрғынның шығынын енді кім өтейді?