Тараз қаласындағы Абай көшесі, 132-үйдің қасбетін жөндеген мердігерлердің салғырттығы тұрғындарды бітпейтін әуреге салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Екінші кіреберістің үстіне орнатылған прожектор желден қисайып, қазір ауланы емес, тура пәтердің терезесін бағыттап тұр. Түн баласы көзді қарықтыратын жарықтың кесірінен терезе алдына үймелеген шыбын-шіркей мен масалар масаханадан өтіп, үй ішіне толып кеткен. Әсіресе, кішкентай балалардың денесі шіркей шаққаннан дуылдап, қатты ісіп, тұрғындардың қалыпты өмір сүруі мүлдем қиындады. Халықтың мұңын тыңдап, мердігерлердің жұмысын қадағалауы тиіс жергілікті әкімдік болса, бұл мәселеге әлі күнге дейін бас ауырпай отыр. Қала билігінің немқұрайлылығы мен бақылаудың жоқтығы қарапайым халықты өз үйінде отырып зардап шегуге мәжбүр етті.