10.07.2026, 14:30

Ақтөбені қара қоңыз басты

Фото: видео скриншот

Ақтөбеде соңғы күндері жауған толассыз нөсердің соңы қаланы жаппай қара қоңыз басуына әкеп соқты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған мына кадрлардан жәндіктердің аулалар мен саябақтарда құжынап, тіпті көпқабатты үйлердің алтыншы қабатына дейін өрмелеп жатқанын анық көруге болады. Терезедегі қорғаныс торларынан да өтіп кететін бұл зиянкестердің кесірінен тұрғындардың үйде де, түзде де мазасы қашқан.

Қаладағы мұндай санитарлық келеңсіздік жергілікті әкімдіктің жәндіктерді дер кезінде улау және залалсыздандыру жұмыстарын мүлдем бақылауда ұстамағанын айғақтайды. Халықтың шағымына құлақ аспай, мәселені алдын ала реттемеген шенеуніктердің салғырттығы қазір қарапайым жұртты әуре-сарсаңға салып отыр.