Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстанда алғаш рет тыйым салынған "ҚыздарНет" сайтының қызметіне қатысы бар трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Петропавл соты топ жетекшісін 10 жылға, қалған қатысушыларын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
2026 жылдың наурыз айында Петропавл қаласының прокуратурасымен тыйым салынған "КыздарНет" сайтында интимдік қызметтерді насихаттауға және жарнамалауға қатысқан трансұлттық ұйымдастырылған топтың 6 қатысушысына айып тағылған болатын.
– Топтың заңсыз қызметі белгіленген тарифтер бойынша ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын ілгерілетуге негізделген, – делінген хабарламада.
2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "КыздарНет" сайты арқылы сутенерлікпен айналысуға көмектесу және қолдау көрсеткені үшін Республикадағы алғашқы үкім шығарды.
– Барлық қатысушылар кінәлі деп танылды, трансұлттық ұйымдастырылған топтың басшысын 10 жылға, оның қатысушыларының әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп хабарлады прокупратурадан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.