Үй иесі Феликс Чалланың айтуынша, отбасы гүлзарларды тазалап, ауладағы тастарды алып тастауды бастаған.
Германияның Брауншвейг қаласында қарапайым бақша жұмысы күтпеген жерден жұмбақ іске ұласты. Үй ауласын ретке келтіріп жүрген отбасы жер астынан адам сүйектерін тауып алған. Алғашында олар мұны жануарлардың қалдығы деп ойлағанымен, кейін табылған заттардың адамға тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы dw-ға сілтеме жасап. Үй иесі Феликс Чалланың айтуынша, отбасы гүлзарларды тазалап, ауладағы тастарды алып тастауды бастаған. Алайда бетон мен шөп қабатын қазған сайын жерден сүйек бөліктері шыға берген. Әуелі бірен-саран сүйек табылса, кейін адам тістері мен ірі қаңқа бөліктері табылған.
Табылған қалдықтардың көптігі сонша, полиция оларды аумақтан бірнеше жәшікке салып әкеткен. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде сүйектердің жануарларға емес, адамдарға тиесілі екені расталды. Брауншвейг прокуратурасы жүргізген тексеру барысында бұл оқиғадан қылмыс белгілері анықталмаған.
Тергеушілердің болжамынша, 1960 жылдары бұл жерге бұрынғы зират аумағынан әкелінген топырақ төселуі мүмкін. Сол кезде топырақпен бірге адам сүйектері де аралас келген деген нұсқа қарастырылған. Алайда бұл болжаммен жергілікті тарихшы-өлкетанушы Торстен Вендт келіспейді. Оның айтуынша, сүйектердің жақсы сақталуы және бұл маңда бұрын-соңды зираттың немесе шіркеудің болмағаны күмән тудырады. Маманның пікірінше, оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз. Зират топырағы әкелінді деген болжамды дәлелдеу де, жоққа шығару да қазір қиын. Ал отбасының ауласынан табылған адам сүйектері Германиядағы күтпеген тарихи жұмбақтардың біріне айналып отыр. Германияның Брауншвейг қаласында (Төменгі Саксония жері) бір отбасының қарапайым бақша жұмысы күтпеген жерден жұмбақ оқиғаға айналды. Үй иесі Феликс Чалланың айтуынша, отбасы ауладағы гүлзарларды ретке келтіріп, тастарды алып тастауды жоспарлаған. Алайда бетон мен шөп қабатын қазған сайын жер астынан сүйек бөліктері шыға бастаған. Алғашында олар мұны жануарлардың қалдықтары деп ойлаған. Бірақ кейін адам тістері мен ірі сүйек бөліктері табылған. Неміс полициясы бұл жерден табылған сүйектердің көп болғаны соншалық, оларды бірнеше жәшікке салып алып кеткен. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде қалдықтан жануарға емес, адамға тиесілі екені анықталды. Брауншвейг прокуратурасы жүргізген тексеру барысында қылмыс белгілері табылмаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл аумаққа 1960 жылдары бұрынғы зираттан шығарылған топырақ әкелініп төселуі мүмкін. Сол топырақпен бірге адам сүйектері де аралас келген болуы ықтимал. Осы болжамнан кейін іс жабылған. Алайда жергілікті тарихшы-өлкетанушы Торстен Вендт бұл нұсқаға күмән келтірді. Оның айтуынша, сүйектердің өте жақсы сақталуы және бұл маңайда ешқашан зират немесе шіркеу болмағаны сұрақ туғызады. Тарихшы адам сүйектері зират топырағымен келген деген болжам қате болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен ондаған жыл өткен соң бұл құпияның нақты жауабын анықтау қиынға соғып отыр.