Тергеу органдарының мәліметінше, зардап шеккендер 9 және 10 шілде күндері ауруханаға түскен.
Мәскеу облысының Зарайск қаласында кафелердің біріне барғаннан кейін 19 адам тағамнан улану белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Тергеу органдарының мәліметінше, зардап шеккендер 9 және 10 шілде күндері ауруханаға түскен. Анықталғандай, олардың 16-сы бір қоғамдық тамақтану орнында болған. Зардап шеккендердің арасында жеті кәмелетке толмаған бала бар.
Уланғандардың айтуынша, денсаулықтары нашарламас бұрын суши мен ролл жеген. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 12 науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.
Жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.