11.07.2026, 18:30

Бишімбаев ісіндегі прокурор Аймағанова депутат болу үшін қызметінен кетті

Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова прокуратурадағы қызметінен кетіп, депутаттыққа үміткер ретінде тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

Аймағанованың айтуынша, оның «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғаны туралы ақпарат соңғы күндері әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған. Осыған байланысты ол ресми түсініктеме беруді жөн көрген.

«Мен ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында заңға, мемлекетке қызмет етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында еңбек еттім. Кандидат болып ұсынылуыма байланысты прокуратурадағы қызметімнен кеттім. Бұл – заң талаптары, мен оны толық орындадым», – деп жазды ол.

Бұрынғы прокурор бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын атап өтті.

«Кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізеді деп сенемін. Қолдау білдіріп, пікір айтып жатқан баршаңызға алғыс айтамын. Алда атқарылар жұмыс көп, мен әрдайым ашық диалогқа дайынмын», – деді Айжан Аймағанова.