Оның ішінде үш бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Бульвар Гагарин көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қатты түтін басқан кіреберістен құтқару қалпақтарының көмегімен 15 тұрғынды сыртқа алып шықты. Эвакуацияланғандардың арасында үш бала бар.
— Өрт 45 шаршы метр аумақты шарпыған. Мамандар тілсіз жауды толықтай сөндірді, — делінген хабарламада.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға үндеп, төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөміріне хабарласуды ескертті.