22.08.2014, 10:39

Мысырдағы көлік апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Сурет: aktobeinfo.kz

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстігінде болған екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлімдеді.

— Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Мысырдағы екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ, — деді Н.Айтмаханов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, апат салдарынан 25 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақаттанған болатын. Жол-көлік оқиғасы жұма күні Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстігінде орын алған.