$ 464.71  531.26  6.05

Белгілі журналист, ақын Жұмабек Табынбаев дүниеден өтті

Жұмабек Айдарбекұлы саналы ғұмырын ел руханияты мен бұқаралық ақпарат саласына арнады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Белгілі журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ақпарат саласының үздігі» Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туыстарына, әріптестеріне, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

— Жұмабек Айдарбекұлы саналы ғұмырын ел руханияты мен бұқаралық ақпарат саласына арнады. Еңбек жолын 1978 жылы бастап, әр жылдары өңірлік, республикалық басылымдарда абыройлы қызмет атқарды. Журналист қана емес, ақын әрі прозашы ретінде де қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның «Өмір — керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадымдасың, жарқын бейне» және басқа да кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Көркем туындылары арқылы ұлттық әдебиет пен публицистиканың дамуына сүбелі үлес қосты. Кәсіби біліктілігі, азаматтық ұстанымы, адамгершілік болмысы мен өнегелі ғұмыры әріптестері мен кейінгі буын журналистер үшін әрдайым үлгі болған ардақты азаматтың жарқын бейнесі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат, жаны жәннатта болсын, — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0