Хабарлама Lider.kz Instagram парақшасында жарияланды.
Еріктілер 2025 жылы 24 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданынан табылған белгісіз кішкентай қыздың анасын немесе өзге де туыстарын іздеп жатыр жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Хабарлама Lider.kz Instagram парақшасында жарияланды.
Еріктілердің мәліметінше, сәбиді 2025 жылы 24 қазанда күндіз Алматы – Бішкек тасжолының бойынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Олар мұны бірден полицияға хабарлаған.
Болжам бойынша, қыз бала шамамен 7-8 айлық болған. Үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон, басында қызғылт түсті бас киім болған.
Еріктілер баланың туыстары туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтарды өздерімен телефон арқылы байланысуға, Instagram-дағы direct-ке жазуға немесе 102 нөміріне хабарласуға шақырады.