12.07.2026, 21:30

Әкесі құтқара алмады: Ақмолада апалы-сіңілілер көлікпен бірге суға батып кеткен

Фото: Pixabay

Қазіргі уақытта көліктің өздігінен қозғалып кетуіне не себеп болғаны және қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысында екі бүлдіршіннің өмірін жалмаған қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 11 шілде күні бір отбасы Целиноград ауданындағы Қызылжар ауылы маңындағы жасанды су айдынының жағасында түнеп демалған.

Таңертең суға шомылғаннан кейін 8 және 12 жастағы апалы-сіңлілі екі қыз киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған автокөлікке отырған. Осы кезде көлік күтпеген жерден өздігінен қозғалып, еңіспен төмен сырғып барып суға құлаған, деп жазады Region03.

Балалардың әкесі қыздарын құтқаруға тырысқанымен, көліктің есігін аша да, терезесін сындыра да алмаған. Салдарынан автокөлік аз уақыт ішінде су түбіне кетіп, екі бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қазіргі уақытта көліктің өздігінен қозғалып кетуіне не себеп болғаны және қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.