$ 464.71  531.26  6.05

Екі қазақстандық Нью-Йорк полициясының офицері атанды

Ол 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2023 жылдан бері Нью-Йорк полициясының қатарында еңбек етіп келеді.

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ

Қазақстаннан көшіп кеткен екі азамат бүгінде Нью-Йорк полициясында қызмет етіп жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Қазақстанның Ішкі істер министрі бұрынғы отандастарымен кездесіп, Нью-Йорк полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген Мирас Бөкешев пен Данияр Нұртазамен жүздесті.

Мирас Бөкешев 2000 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Балалық шағы мен мектеп жылдары Қазақстанда өткен. Ол 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2023 жылдан бері Нью-Йорк полициясының қатарында еңбек етіп келеді.

Ал Данияр Нұртаза отбасымен бірге 2002 жылы Америка Құрама Штаттарына көшкен. Кейін Нью-Йорк полициясына қызметке қабылданып, құқық қорғау саласында еңбек жолын бастаған.

Данияр Нұртаза 2015 жылы метро станциясы маңында толғағы басталған әйелге көмек көрсетіп, көпшілікке танылды. Оның кәсіби әрекеті жоғары бағаланып, бұл оқиға кейін оның өмірі мен полициядағы қызметі туралы түсірілген деректі фильмге арқау болды.

Кездесу барысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов шетелде жүрген қазақстандықтардың ұлттық болмысын сақтаудың және тарихи Отанмен байланысты нығайтудың маңызын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0