13.07.2026, 15:00

Әлем чемпионатында тағы бір тарихи оқиға тіркелді

Фото: FIFA

Oxu.Az басылымының мәліметінше, жартылай финалда Франция құрамасы Испаниямен кездессе, Аргентина финал жолдамасы үшін Ұлыбританиямен күш сынасады.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан төрт құрама белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Биылғы мундиальда тарихи жетістік тіркелді. Әлем чемпионаттарының тарихында алғаш рет FIFA рейтингіндегі үздік төрт ұлттық құрама түгелдей жартылай финалға жолдама алды. Олар – рейтинг көшбасшысы Аргентина, екінші сатыдағы Испания, үшінші орында тұрған Франция және төртінші орындағы Ұлыбритания.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, жартылай финалда Франция құрамасы Испаниямен кездессе, Аргентина финал жолдамасы үшін Ұлыбританиямен күш сынасады.

Жартылай финал ойындарының кестесі төмендегідей:

14 шілде – Франция – Испания;

15 шілде – Ұлыбритания – Аргентина.

Айта кетейік, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін көз жасына ерік беріп, бұл оның әлем чемпионатындағы соңғы кездесуі болған еді.