Сондай-ақ қорғаушы істің жан-жақты, толық әрі әділ қаралуы үшін заңда көзделген барлық тетіктер қолданылатынын жеткізді.
Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, прокурор күдіктіге қатысты айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген.
Адвокаттың сөзінше, сотқа дейінгі тергеу толық аяқталған. Енді іс сотта мәні бойынша қаралады. Ол жәбірленуші тараптың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды әрі қарай да жалғастыратынын айтты.
Сондай-ақ қорғаушы істің жан-жақты, толық әрі әділ қаралуы үшін заңда көзделген барлық тетіктер қолданылатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, Аянхан Омаров жәбірленуші тарап сот отырысының ашық өтіп, тікелей эфирде көрсетілуін талап етіп отырғанын мәлімдеді.