$ 464.71  531.26  6.05

Жаркентте мектеп аумағында 9 жасар қыз қаза тапты

Айта кетейік, 10 шілде күні бүлдіршін 10 жасқа толуы тиіс болған.

фото Tengrinews.kz.
фото Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 9 шілде күні қыз бала білім алатын мектептің аумағында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол мектеп ауласында ойнап жүрген кезде есігі ашық тұрған трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кетіп, электр тогынан зардап шеккен.

«Қыз бала "электр тогының соғуы" деген алдын ала диагнозбен Жаркент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», – деді оқырман.

Айта кетейік, 10 шілде күні бүлдіршін 10 жасқа толуы тиіс болған.

Аталған оқиғаға байланысты түсініктеме берген Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Іс қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету фактісі бойынша қаралып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, нысанды пайдалануға және оның қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр.

Сондай-ақ, құзырлы мемлекеттік органдарға осындай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін анықталған заңбұзушылықтар мен қауіпсіздік талаптарындағы кемшіліктерді жою жөнінде тиісті ұсынымдар жолданған.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмейтінін хабарлады. Редакция істің тергелу барысын назарда ұстайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0