$ 477.11  545.58  6.2

Ақыл-ес кемістігі бар: Түркістан облысында жас келіншек 4 баласымен жоғалып кетті

Күйеуі вахтада жұмыс істейді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Түркістан облысының Отырар ауданында көпбалалы ана төрт баласымен бірге із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың мәліметінше, оқыс оқиға биыл 6 шілде күні түнгі уақытта болған. Белгілі болғандай, қызының жағдайын білуге келген өз анасы мен енесі Ұлдананың орнын сипап қалған.

«Келін де, 4 бала да жоқ. Күйеуі вахтада жұмыс істейді. Ауыл арасы, таныстарға кеткен болар деп ертеңіне күтіп-күтіп туыстардың төзімі таусылып полицияға хабар берген. Ұлдананың сәл ақыл-ес кемістігі бар, ешкімге зияны жоқ адам. Сол аңқаулығын пайдаланып, алдау-арбауға түсіп қалды ма екен? Ішкі істер органы ықыласпен қарамай отыр. Шиеттей 4 баламен бір түнде қайда ғайып болуы мүмкін? Әдетте, баламен ұбап-шұбаған әйел елдің көзіне бірден түседі емес пе?! Бірақ 6 күннен бері Ұлдана мен 4 баласын көрдім-білдім деген жан жоқ?!», – деп жазды Гүлмира Әбіқай туыстарының сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0