14.07.2026, 11:40

Мұхтар Жәкішевтің қызы Испанияда үйлену тойын дүркіретіп өткізді

Фото: instagram.com/altjj_

Мерекеге әртүрлі елден келген туыстар мен достар жиналды.

Испанияның Барселона қаласына жақын маңда «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай мен оның күйеу жігіті Карл Обидің үйлену тойы өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жас жұбайлар бұған дейін бірнеше шара өткізіп үлгерген. Олар алдымен Лондонда заңды некеге тұрып, кейін Алматыда дәстүрлі қыз ұзату рәсімін жасады. Ал мерекенің қорытынды бөлімін Каталония жағалауында өткізуді ұйғарған.

Салтанатты шара демалыс күндері тарихи Bell Reco вилласында ашық аспан астында өтті. Жас жұбайлар сарай алдында бір-біріне сақина тағып, некесін қиды.

Мерекеге әртүрлі елден келген туыстар мен достар жиналды. Қонақтардың қатарында миллиардер Арманжан Байтасов жұбайы Дилярамен бірге, сондай-ақ қалыңдықтың анасы Жәмилә көрінді.

Ресми бөлімде қалыңдық ұзын фатасы бар үлпілдек ақ көйлек кисе, күйеу жігіт ақ пиджак пен классикалық смокинг таңдаған. Неке қию рәсімінен кейін қонақтар кешкі асқа қатысып, көпқабатты торт кесу мен би кеші жалғасты. Кешке қарай қалыңдық мерекелік киімін ашық түсті жеңіл көйлекке ауыстырып, жиын еркін форматта өтті.