14.07.2026, 13:00

Трамп халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді

Фото: REUTERS / Evan Vucci

Трамп үндеудің тақырыбын ашып айтпады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 шілдеде халыққа үндеу жариялайтынын мәлімдеді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

"Президент Трамп бейсенбі күні кешкі сағат 21:00-де шығыс уақытымен халыққа үндеу жариялайды. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!" – деп жазды ол Truth Social желісінде.

Трамп үндеудің тақырыбын ашып айтпады. Алайда бұл мәлімдеме ол АҚШ-тың Иранға қарсы әскери-теңіз блокадасын қайта бастайтыны және Вашингтонның Ормуз бұғазы арқылы транзитпен өтетін кемелер үшін 20 пайыздық баж салығын енгізетіні туралы хабарлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.