$ 477.11  545.58  6.2

Шымкенттегі №3 емханадағы масқара: Әйелдер гинеколог қабылдауын неге бір ай күтуі керек?

Емхана тіркеушілерінің «орын жоқ, бәрі толып кеткен» деп бетті қайтаруы — қаладағы ана мен бала денсаулығына жауапты мекемелердің нақты сипатын көрсетіп берді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Шымкент қаласындағы №3 емханаға қаралуға барған келіншектің акушер-гинекологқа жазыла алмай, тауы шағылған бейнежазбасы әлеуметтік желіні шарлап кетті.

Емхана тіркеушілерінің «орын жоқ, бәрі толып кеткен» деп бетті қайтаруы — қаладағы ана мен бала денсаулығына жауапты мекемелердің нақты сипатын көрсетіп берді. Әйел денсаулығындағы кез келген кінәратты дер кезінде анықтау маңызды екенін біле тұра, науқастарды бір ай бойы сарылтып қою — жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің дәрменсіздігі.

Қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы миллионды шаһардағы қарапайым аналардың ең базалық медициналық көмекті кедергісіз алуын неге әлі күнге дейін реттей алмай отыр? Бұл жерде не маман тапшылығы ушығып тұр, не басшылықтың жұмысты ұйымдастыруға қауқары жетпейді - әкімдік бұл былыққа қатысты халыққа нақты жауап беруі тиіс. Желіде шу тудырған осы мәселенің ақ-қарасы ашылып, жауапты тұлғалардан нақты шешім күтеміз.

Видео: qaida.news

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0