Кісі өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бородулиха ауылының тұрғыны үйінің жанынан пышақ жарақатын алған қыздың денесін тауып алып, полицияға хабар берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында Бородулиха ауылында жергілікті тұрғын үйінің жанынан пышақ жарақатын алған қыздың денесін тапқан.
Кісі өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Полиция қызметкерлері ізін суытпай сол ауданның 20 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, күдікті мен марқұм қыз таныс болған. Олардың арасында жеке бас араздығынан жанжал туындаған", - деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.