14.07.2026, 16:00

Air Astana ұшақтары қайтадан Дубайға ұша бастады

Фото: Air astana

Бұл туралы компания 14 шілдеде ресми хабарлады.

Air Astana әуе компаниясы Дубай бағытына тұрақты рейстерді қайта жандандыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы компания 14 шілдеде ресми хабарлады.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, 15 шілдеден бастап Алматы–Дубай–Алматы және Астана–Дубай–Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстер қайта орындала бастайды.

Сонымен қатар компания Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Егер рейстерге қатысты қосымша түзетулер болса, жолаушыларға алдын ала хабарланатыны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Air Astana-ның Астанадан Дубайға бағыт алған ұшағы діттеген жеріне жете алмай, қайтадан елорда әуежайына оралған болатын. Осыдан кейін Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайының күрделенуіне байланысты әуе компаниясы Дубай бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатқан еді.