Себебі, Байқоңырдан "Союз МС-29" ғарыш кемесі ұшырылады.
Арнайы авиациялық ескертулер (NOTAM) Қазақстан аумағында және Ресейдің Сібір мен Қиыр Шығыстағы бірқатар өңірлерінде енгізілді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Шектеулер Мәскеу уақытымен 17:47–18:22 аралығында, яғни 35 минут бойы күшінде болады. Бұл кезеңде әуе кеңістігі жерден бастап шексіз биіктікке дейін жабылады.
Ресейде Бурятия, Забайкалье, Тыва, Иркутск облысы және басқа өңірлер қамтылады. Кейбір учаскелерде шектеу FL540 деңгейіне дейін (шамамен 16,5 мың метр) қолданылады.
Байқоңыр маңында ұшырылудан жарты сағат бұрын бөлек NOTAM күшіне енеді. Жалпы ұзындығы шамамен 4,1 мың км әуе кеңістігі жабылады, оның 2,5 мың шақырымы Ресей аумағында.
"Союз МС-29" кемесі 14 шілде күні 19:47-де (Байқоңыр уақыты) старт алады.
Экипаж құрамында Роскосмос ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина, NASA астронавты Анил Менон бар.
Халықаралық ғарыш станциясына ғылыми жабдықтар жеткізіледі, зерттеулердің басым бөлігі медицина-биология саласына қатысты болады. Экспедиция барысында ашық ғарышқа шығу да жоспарланып отыр.