15.07.2026, 09:20

Елімізде бір тәулікте 7 орман өрті тіркелді

Фото: Pixabay

Ведомствоның мәліметінше, жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрттің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмеген. 

Кеше, 14 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 7 орман өрті тіркелді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өрт оқиғаларының ең көбі Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – екі-екіден тіркелсе, Ақмола, Абай және Павлодар облыстарында бір-бірден өрт шыққан.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы барысында дер кезінде анықталған.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" авиациялық бөлімшелері, тікұшақтар, арнайы техника және өзге де күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрттің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмеген. 

Мамандар аптап ыстық пен найзағайлы ауа райына байланысты тұрғындарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тегтер: ТЖМ орман өрті