Пресновка мен Благовещенка ауылдарының арасындағы небәрі 37 шақырымдық шұрық-тесік жолды жедел жәрдем көлігі бір жарым сағат бойы «еңбектеп» жүріп өтуге мәжбүр болған.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тозығы жеткен жолдың кесірінен 34 жастағы жүкті келіншек ауруханаға жете алмай, мерт болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Пресновка мен Благовещенка ауылдарының арасындағы небәрі 37 шақырымдық шұрық-тесік жолды жедел жәрдем көлігі бір жарым сағат бойы «еңбектеп» жүріп өтуге мәжбүр болған.
Екі баланың анасы, танымал ұстаз болған марқұмның жақындары бұл қазаға жылдар бойы жөнделмеген тас жол себеп екенін айтып, зар еңіреп отыр. Аудан әкімдігі бұл маңызды жолды 2025 жылы толық бітіреміз деп халыққа бірнеше рет уәде берген болатын. Алайда 2026 жылдың ортасы келсе де, шенеуніктер уәдесін орындамай, халықтың тағдырын ойыншыққа айналдырды. Енді халықтың базынасына құлақ аспай, бюджеттің ақшасын қайда жұмсағаны белгісіз шенеуніктердің салғырттығына кім жауап береді?
Видео: @pro_petropavlovsk