$ 468.88  534.1  6.04

ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр

Судың улану қаупін шұғыл тексеріп, кінәлілерді жауапқа тарту — уақыт күттірмейтін, жергілікті биліктің тікелей міндеті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Өскемен қаласының маңындағы понтон көпірі тұсында балықтардың жаппай қырылып, су бетіне қалқып шығуы халықтың ашу-ызасын тудырып отыр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған мына бейнежазбадан су жиегіндегі жансыз балықтарды анық көруге болады, бірақ құзырлы органдар бұл экологиялық апатқа әлі күнге дейін ешқандай реакция білдірген жоқ. Қарапайым қармақ асынып, күнелтіп жүрген зейнеткерлердің соңына түсіп, айыппұл кесуге келгенде алдына жан салмайтын балық инспекциясының нағыз қауіп төнгенде тасада қалатыны қынжылтады.

ШҚО-дағы қордаланған экологиялық түйткілдерге көз жұма қарайтын аймақ әкімдігі бұл жолы да бейқамдық танытып, халық алдында есеп беруден қашып отырғандай. Судың улану қаупін шұғыл тексеріп, кінәлілерді жауапқа тарту — уақыт күттірмейтін, жергілікті биліктің тікелей міндеті.

Видео: vko_kz24

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#ШҚО #балық