15.07.2026, 10:00

50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: Ақтөбедегі апатқа кім жауапты?

Фото: видеодан скрин

Ендігі кезекте әкімдік құрғақ уәдемен шектелмей, зардап шеккендерге толық өтемақы төлеп, өңірдегі тозығы жеткен барлық нысандарды шұғыл түрде тексеруге міндетті. 

9 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында соққан жойқын дауыл 50 жылдан астам уақыт бұрын орнатылған 47 метрлік телекоммуникациялық мұнараны құлатты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Алып құрылымның бір қабатты азық-түлік дүкенінің үстіне құлауы салдарынан үйінді астында қалған алты адамның үшеуі ауыр жарақат алды. Аудан бойынша жергілікті деңгейдегі табиғи төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар жарықсыз, байланыссыз және баспанасыз қалды. Бұл апат — облыс әкімдігінің ескірген, пайдалану мерзімі әлдеқашан өткен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігіне жылдар бойы немқұрайлы қарап келгенінің айқын дәлелі. Жарты ғасыр бұрын тұрғызылған мұнараның тозуын дер кезінде тексеріп, ауыстырмаған өңір басшылығы қарапайым халықтың өмірін тікелей қауіпке тігіп отыр.

Ендігі кезекте әкімдік құрғақ уәдемен шектелмей, зардап шеккендерге толық өтемақы төлеп, өңірдегі тозығы жеткен барлық нысандарды шұғыл түрде тексеруге міндетті. 

Видео: @climat.az