Орал–Атырау тас жолының Бөдене мен Жарсуат ауылдарының арасындағы бөлігінде пайда болған терең шұңқырлар жүргізушілер өміріне үлкен қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жақында ғана осы тұстан өткен көліктің қос дөңгелегі бірдей жарылып, жолаушылар тас жолдың ортасында шарасыз күйде қалған. Бұл - бір реттік оқиға емес, осы аймақта күн сайын ондаған жүргізуші шұңқырға түсіп, көліктерін бүлдіріп жатыр.
Жолдың осындай апатты жағдайына тікелей жауапты Атырау облысы мен Индер ауданының әкімдіктері халықтың жанайқайына әлі күнге дейін құлақ аспай отыр. Мемлекеттен бөлінген қаржының қайда кеткені белгісіз, ал жолда қалған жұртқа шенеуніктер емес, тек өзге жанашыр жүргізушілер ғана көмекке келуде. Жауапты органдар қайғылы жағдай орын алғанша күтпей, бұл қауіпті аумақты дереу арада қалыпқа келтіруі тиіс.