15.07.2026, 23:30

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Қазақстанда бизнесі бар болып шықты

Фото: vk.com/nurlan.saburov

Кәсіптің негізгі қызмет бағыты – концерттер ұйымдастыру.

Белгілі комик Нұрлан Сабуровтың Қазақстанда тіркелген жеке кәсібі бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ашық деректерге сәйкес, «Сабуров» жеке кәсіпкерлігі 2023 жылдың 30 наурызында Ақмола облысының Степногорск қаласында тіркелген. Кәсіпкерліктің басшысы ретінде Нұрлан Әлібекұлы Сабуров көрсетілген.

Кәсіптің негізгі қызмет бағыты – концерттер ұйымдастыру.

Кәсіпорын шағын бизнес субъектісі санатына жатады. Мұндай кәсіпкерлікте бес адамнан артық қызметкер жұмыс істей алмайды. 2023 жылдың қазан айынан бастап кәсіпкерлік жалпыға бірдей салық салу режиміне өткен.

Алайда ашық дереккөздерде Нұрлан Сабуровтың осы кәсіпкерлік арқылы қанша көлемде салық төлегені туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерліктің балансында тіркелген жылжымайтын мүлік пен автокөлік анықталмаған. Дегенмен бұл Сабуровтың жеке меншігінде үйі, пәтері немесе көлігі жоқ дегенді білдірмейді. Әңгіме тек кәсіпкерліктің атына рәсімделген және оның балансындағы мүлік туралы болып отыр.