Оның сөзінше, Иранның ұстанымы ескерілуі керек.
ТАСС агенттігінің жазуынша, Ормуз бұғазы әскери қысым немесе қоқан-лоқыдан соң ашылмайтыны анық, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
– АҚШ-тың Исламабадта қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум талаптарын орындауы, барлық әскери іс-қимылды тоқтатуы және Иранның егемендік құқықтарын құрметтеуі – Ормуз бұғазын ашудың басты шарттары, – деді Мохаммад Акраминия Mehr агенттігіне берген сұхбатында.
Оның сөзінше, Иранның ұстанымы ескерілуі керек. Әйтпесе, Ормуз бұғазы жабық тұра береді.
Сонымен қатар, Акраминия АҚШ пен оның одақтастарының Ормуз бұғазындағы Исламабад меморандумынан тыс кез келген әрекетін "Иран егемендігін бұзу" деп бағалайтынын және мұндай әрекеттерге елдің қарулы күштері тосқауыл қоятынын ескертті.