$ 469.71  536.17  6.01

5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астанада бес көлікті соғып, қашып кеткен ер адам 30 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, 4 шілдеде сағат 02:50 шамасында Астана қаласында Тілендиев көшесі, №36 үйдің қарсысында жүргізуші куәлігі жоқ ер адам «ГАЗель» маркалы автокөлігімен жол жиегінде тұрған бес автокөлікті соққан.

Жол-көлік оқиғасынан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны қысқа мерзім ішінде анықтап, ұстады. Сот шешімімен құқық бұзушыға қатысты 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік басқаруы, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу заңнаманың өрескел бұзушылығы болып табылатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0