16.07.2026, 18:20

Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты

Фото: Air astana

Бұл Ормуз шығанағындағы және Таяу Шығыс аймағындағы жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданған.

Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл Ормуз шығанағындағы және Таяу Шығыс аймағындағы жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданған.

Компания мәліметінше, Дубайға ұшатын рейстер 21 шілдеден бастап 31 тамызға дейін орындалмайды. Ал 21 шілдеге дейінгі рейстер жолаушыларды кері қайтару үшін жүзеге асырылады.

Әуе компаниясы жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынды: билеттердің толық құнын сатып алған жері бойынша қайтару немесе сапар күнін кейінге ауыстыру. Сондай-ақ Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау мүмкіндігі беріледі.