16.07.2026, 17:10

Жезқазғанда балалар ойын алаңындағы қоқыс пен ретсіздікті тұрғындар өздері тазалауға мәжбүр

Фото: Видеодан скрин

Жезқазған қаласындағы балалар ойын алаңы қараусыз қалып, тұрғындардың өз бетінше тазалық жұмыстарын жүргізуіне тура келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушысы @zhansaya.muratovna бұл мәселені бұған дейін де әлеуметтік желіде көтеріп, құзырлы органдарға ресми арыз жазғанымен, әкімдік тарапынан ешқандай реакция болмаған. Жергілікті биліктің балалардың қауіпсіздігі мен аула тазалығына қатысты өтінішті ескерусіз қалдыруы қала тұрғындарының заңды наразылығын тудырып отыр. Атқарушы билік өз міндетін орындамағандықтан, ата-аналар қолдарына сыпырғыш пен қолғап алып, алаңды өз күштерімен ретке келтіруге көшті. Өңір әкімдігінің мұндай әрекетсіздігі мен халық арызына құлақ аспауы мемлекеттік органның жұмыс сапасына үлкен күмән ұялатады. Жезқазған қаласының әкімдігі бұл мәселені шұғыл бақылауға алып, балалар алаңының қауіпсіз әрі таза болуын қамтамасыз етуі тиіс.