Бұл бастама халықаралық деңгейде кең қолдау тауып, әлем елдерін жанашырлықты, ынтымақтастықты және азаматтық жауапкершілікті дамытуға үндеді.
Қазақстандық футболшы, "Челси" клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.
Бұл бастама халықаралық деңгейде кең қолдау тауып, әлем елдерін жанашырлықты, ынтымақтастықты және азаматтық жауапкершілікті дамытуға үндеді.