16.07.2026, 21:30

Қазақстандық қос Дастан жаңа халықаралық миссияны қолға алды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл бастама халықаралық деңгейде кең қолдау тауып, әлем елдерін жанашырлықты, ынтымақтастықты және азаматтық жауапкершілікті дамытуға үндеді.

Қазақстандық футболшы, "Челси" клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.

Бұл бастама халықаралық деңгейде кең қолдау тауып, әлем елдерін жанашырлықты, ынтымақтастықты және азаматтық жауапкершілікті дамытуға үндеді.