Алматыда Сүйінбай көшесінің бойында жолдан өтіп бара жатқан 12 жасар бала мен оның апасын көлік қағып кетті. Жасөспірім оқиға болған жерде жан тапсырды, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Екеуі де жаяу жүргін жолынан өтіп келе жатқан. Сол кезде жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Хюндай» маркалы көлік қарама-қарсы жолаққа шығып, 12 жасар баланы қағып кетті. Бала сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмды.
Оқиғаның жай-жапсарын ІІД жол полициясы басқармасының мамандары анықтауда.